Меню KDT
МЕНЮ

«Бір шаңырақ астында» атты фестиваль өтті.



7-6 сыныптар арасында  Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында, 1-мамыр Қазақстан Республикасының Халықтарының Бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты фестиваль ұйымдастырылды. Бұл іс-шара оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру және  Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатын көздеді. Сайыс барысында балалар өз өнерлерін ортаға салып, шынайы бәсекелестік танытты. Нәтижесінде 7 «Б» сыныбы І орын, 7 «М» сыныбы ІІ орын, 7 «Е» сыныбы иеленді. Ал 6-сыныптар өз сайыстарын командалық әдіспен ұйымдастырды. Олардың нәтижелері төмендегідей болды. 6 «В», 6 «Г», 6 «Ғ» сыныптарынан құралған команда кавказ халықтарының дәстүрлерін ортаға салып, І орынға ие болды. Ал татар халқы өнерін ортаға салып,  6 «Д», 6 «Е», 6 «Ж» сыныптарынан құралған команда ІІ орынды иеленді. ІІІ орын 6 «А», 6 «Ә» сыныптарының құрама тобына бұйырды. Олар орыс халқының дәстүрлерін таныта білді.  Оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
 

 


28.04.18