Меню KDT
МЕНЮ

«Әкем, анам және мен.. »



«Әкем, анам және мен.. »  отбасылық зияткерлік сайыстың қорытыныдысы

Мектептегі «Білім сапасы» жобасы аясында ұйымдастырылған, №64 мектеп лицейінде желтоқсан айының 22-сі жұлдызында 6,7,8 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен.. »  отбасылық зияткерлік сайыс өтті.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде отбасы құрамы  таныстырылып, отбасы құндылығын насихаттау болса, екінші кезеңде математика, ағылшын пәндері  және рухани жаңғыру бағытындағы берілген сұрақтарға жанұя құрамымен бірігіп жауап беру басты назарда болды. Үшінші кезеңде отбасының өнері көрсетілді.  Сайыс болған соң, әділ қазылар бағасын берді, мұнда ерекше назар аударатын жайт бағалаудың  критериалды жүйесі қолданылды.
 Сайыс қорытындысы бойынша
 «Бас жүлде»- 6 ә сынып Кәрімовтар отбасы ;
I орын- 7 г сынып Ысқақовтар отбасы ,7ж сынып Мұқашевтар отбасы,
II орын- 6 a сынып Тілегеновтар отбасы, 7м сынып Жұмағазовтар отбасы,
III орын- 6в сынып Юсуповтар  отбасы,  8е сынып Балкешевтер отбасы марапатталды.

22.12.18