Меню KDT
МЕНЮ

«Бақытты бала» жоба



Астана қаласы №64 мектеп-лицей  оқушыларының
"НҰРЛЫ ЖҮРЕК" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында
тәрбиеленіп жатқан балалармен кездесуі туралы

 


        «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары ұйымдастырған «Бақытты бала» жоба / жетекшісі Г.Жусупова/ аясында 2018 жылдың 26-желтоқсанында 6,7,8,9 сынып  оқушылары жоғарыда аталған мекемеге барып, балаларымен кездесіп қайтты. Мұндағы мақсат,  әлеуметтік, денсаулық жағдайына қарамай барлық бала тең екендігін ескере отырып, оларды достастыру, ортаға араластыру. Орталыққа барғанда бізді қызметкерлер де, тәрбиеленіп жатқан балалар да өте жақсы, жылы қарсы алды. Әртүрлі жастағы және әртүрлі деңгейдегі балалармен кездестік. Мектеп оқушылары концерт қойды. Биледі, гитарамен өлең айтты және т.б. өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, тәрбиеленіп жатқан балалармен бірігіп қолдан жасалған пластилиннен әртүрлі фигураларды жасады, бірге биледі және оларға билеуді үйретті. Балаларға өте ұнады. Қоштасып, тағы да келулерімізді сұрады.

Орталыққа барған балалар:

  1. Ажгиреева Динара
  2. Аббас Зере
  3. Нүркен Елдос
  4. Құнанбайқызы Арайлым
  5. Мукушева Алтынай
  6. Әуелбек Сұлушаш
  7. Мүсір Бақжан
  8. Мейрам Мансур
  9. Қалдыбекова Айшабибі
  10. Диас Тұлғабай
  11. Арманов Амир
  12. Қонақбаев Ернар
  13. Аңсар Ағаз
  14. Мазимов Асанали
  15. Балқарбай Балауса
  16. Несипбекова Ангелина

Оқушыларды басқарып апарған ұстаздарға І.Т.Сұлтанбекова,

С. Н.Оспанова, Ж.Қ.Мұқанбаеваға алғысымызды білдіреміз.


26.12.18