Меню KDT
МЕНЮ

«Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы



№64 мектеп-лицейде 25 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Акция мақсаты: интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін, Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру. Оқушылармен «Интернетсіз бір күн» атты тақырыпта сынып сағаты өткізілді. Сынып сағат барысында оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны мен пайдасы туралы түсінік берілді және оқушылар мектеп кітапханасына барып, жаңа әдебиеттермен танысып,  ақпараттар алды. 
Халықаралық интернетсіз күніне арналған «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясының  оқушылар үшін маңызы зор болды. Мұғалімдер де бір күн WhatsApp қолданбай, барлық мәліметтерді ауызша жеткізіп, хабарландыруларды қағаз түрінде алмастық. Сыныптарды аралап, сабақ біткенше рейд жүргізіп отырдық. Сынып жетекшілер оқушылардың  телефондарын жинап алып, сабақ біткеннен кейін қайтарып берді. Осындай шараларды айына бір рет өткізіп тұру керек сияқты. 27 қаңтар Халықаралық интернетсіз күні баршаңызды акцияға қатысуға  шақырамыз. Өзімізді өзіміз тәрбиелеп көрейік!









25.01.19