Меню KDT
МЕНЮ

Бала құқықтары туралы конвенциясына 30 жыл



Дүниежүзілік балалар күні және Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы қабылданғанының 30 жылдығы мен ратификацияланғанының 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шараларға байланысты 21 қараша күні мектебімізде «Мен және менің құқығым» тақырыпта дөңгелек үстел  өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы ауданы» полиция басқарамасы, Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұржан Қуанышұлы және мектептің тарих пәні мұғалімі Мэлс Қайырбекұлы  Дүниежүзілік балалар күнімен құттықтап, тақырып көлемінде пікір алмасып,  Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының шығу тарихы оның балалар үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді.   Нұржан Қуанышұлы  балалардың құқықы қашанда қорғалады. Өз құқығынды білсең, біреудің де құқығын сыйландар.Оныңда құқығы бар.. Кешкі уақытта жүру, автокөлік жүргізу, ішімдік ішу, шылым шегу, ұрлық, төбелес, былапыт сөздер, біреудің ар-намысына тисе  заң алдында жауап беретіндерін, 18 жасқа дейін тек  ата-анасының қарамағында оларсыз ешқандай шешім қабылдай алмайтындарын да айтып өтті.  Адамның рұқсатынсыз фото, видео, аудио жазбаларды әлеуметтік желіге жариялауға болмайтындығын ескертті. Жалпы, оқушылар  құқықтық сауаттылық туралы өздері білімдерін жетілдіре түсті. Оқушылар сұрақтарын қойып, конвенциямен танысып, бір-бірлерін Дүниежүзілік балалар күнімен құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.   Арнайы қонаққа келген Нұржан Қуанышұлына толық өмірге қажетті ақпараттар бергені үшін алғыстарын айтты.

  Осы мерекеге орай  көпбалалы отбасыларының аналарымен «Біз балалармен біргеміз» атты отбасылық тренинг өтті. Тренингте «өрмекші торы», «бала», «қасық шанышқы» тақырыптарында топтық ойын, танысу  жаттығулары, терапия жүргізілді. Баламен және мұғаліммен қарым-қатынасы туралы түйткілді мәселелерді ортаға салып, талқылады. Ата-аналар психологиялық тренингке белсене қатысып, ой пікірлерімен бөлісіп, үлкен әсерде болды. Тренингті мектептің әлеуметтік педагогы Нарима Аманбайқызы мен мектеп психологы Айман Асқаралиқызы өткізді. Ата-аналар қашанда балалармен бірге екендерін айтып, бала құқығы конвенциясының 30 жылдық мерекесімен құттықтап, мектеп әкімшілігіне алғыстарын білдірді. Осындай шаралар көп болғай!












21.11.19