Меню KDT
МЕНЮ

12-қараша күні «Эко-мектеп» жобасы бойынша сынып жетекшілерге онлайн кездесу сағаты өткізілді



 Нұр-Сұлтан қаласы,  №64 мектеп-лицейі
12-қараша күні «Эко-мектеп» жобасы бойынша сынып жетекшілерге онлайн кездесу сағаты өткізілді. Ондағы мақсат экологиялық білімді тереңдету және мәселесінің маңыздылығына баса назар аудару еді.
 «Эко-Асар-2» эко-мектеп жобасының кезекті бөлімі жоғары молекулалы қосылыстар, пластмасса, полиэтиленнің табиғаттағы рольі жайлы  сынып жетекшілеріге онлайн вебинар  барысында егжей-тегжелі қарастыру болатын. Бұл алынып отырған тақырыпта қаланың экологиялық мәселелері қозғалып, оның алдын-алу үшін сынып жетекшілері оқушылармен үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұруы қажеттілігі баса айтылды. Спикер тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Төлегенқызы тақырып бойынша сыныптарда әрқашан сынып сағаттары, квест ойындар, тәрбие сағаттары, креативті жарыстар, кіші ғылыми жұмыстар ұйымдастырылып тұратындығын айтты.
Табиғатты аялап ұстау жас жеткіншектер бойына сіңіре білу әрқайсымыздың ел алдындағы борышымыз деп сөзін аяқтады. Аталған жоба бойынша сынып жетекшілері сұрақтар қойып, жауаптар ала білді. Осы бағыттағы ұйымдастырылатын іс-шараларға барша мектеп ұжымы белсенділіктерін көрсететіндіктерін мәлімдеді.  Тек қана мектеп ұжымы емес ендігі кезекте осы іс -шараға ата-аналарды,  мектеп қызметкерлерін т.б. өкілдер тартылатындығын спикер айта кетті.



12.11.20