Меню KDT
МЕНЮ

«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл!» кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес беру жұмысының жүргізілгені туралы анықтама



«Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл!»
кәсіптік бағдар беру бойынша кеңес беру
жұмысының жүргізілгені туралы анықтама

Өткізілген уақыты: 19.01.2021ж

Тақырыбы: «Мамандық таңдау - болашақты ойлау»

Мақсаты: оқушыларға психологиялық-педагогикалық кеңес беру, мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру және кәсіби бағдарының табандылығын анықтау, психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.

Қатысқаны: 9-11 сынып оқушылары

Жұмыс барысы:  9-11 сынып оқушыларымен «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл!» тақырыбында кәсіптік бағдар бойынша кеңес беру жұмысы жүргізілді.

Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат. Мамандық таңдау - бұл өмірдегі күрделі шешімнің бірі. Өз ісіңді таңдар алдында қандай мамандықтр бар екендігін және бұл мамандықтың не үшін керек екендігін біліп алған жөн.  Мамандықтар 5 типке бөлінеді:
«Адам-техника» мамандығы тасымалдау, көтеру құралдарын слесарь-жөндеуші, технологиялық құралдардың наладчигі, жүргізуші, техник, механик.
«Адам-адам» мамандықтар типі. Тәрбиелеу, білім беру, ақпараттандыру тұрмыстық, сауда, денсаулық сақтау қызметіне бағытталған.
«Адам-табиғат» жер бетіндегі барша дүние тіпті адамның өзі де табиғаттан жаратылған. Осы саладағы мамандықтар: микробиолог, балықшы, тракторшы, ветеринар, фельдшер, малшаруашылығы механик комплексінің оператор және бақташы. т.б.
«Адам-таңбалар жүйесі» ауызша және жазбаша сөйлеу, сандар, химиялық, физикалық символдар, нота, сызба , карта, графика, сурет, жол белгісі т.б.
«Адам-бейнелеу образ» бейнелеу, музыка, әдеби бейнелеу және актерлік еңбек түрлері. конструкторшы-модельер, витражшы, суретші-фотограф, музыкант, артист, музыкалық аспаптарды жөндеуші, журналист, кілем тоқушы т.б.



19.01.21