Меню KDT
МЕНЮ

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Конституцияның 25 жылдығына орай мектебімізде спорттық эстафета өтті.



Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Конституцияның 25 жылдығына орай мектебімізде спорттық эстафета өтті.Түрлі спорт түрлері,арқантартыс және волейбол мен футбол командалық ойындары өткізілді. Мектеп ұжымының барлық мүшесі жаппай белсенді қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Спорттық эстафетаны  дене шынықтыру пәні мұғалімдері ұйымдастырды.Мектеп ұжымының тату-тәтті  ынтымағының арқасында өте қызықты да, көңілді өтті. Мектеп директоры Бану Әлімжанқызы әріптестерге жаңа оқу жылында тек жетістіктерге жетіп,  салауатты өмір салтын ұстанып,  шығармашылық табыс тілеп,  бір шаңырақ астында бірлікпен толағай жетістіктерге жетуді тіледі.  Ойын соңында марапаттау жұмыстары болды. Көптен бері жиналмаған ұжым үшін бүгінгі шара жаңа оқу жылында зор серпіліс болғаны анық.   Осындай игі шаралар көп болғай! Алға,  64мектеп-лицей






27.08.21