Меню KDT
МЕНЮ

«Отбасы-рухани жаңғыру негізі»



«Отбасы-рухани жаңғыру негізі»

Халқымызда «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер», деген ұлағатты сөз бар. Қазақы тәрбиенің тамыры тереңде  екенін жас ұрпақ білуі тиіс. Осыған орай, кеше әл-Фараби мектеп-лицейінің  5-сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиелік мәні зор шара өтті. Жеткіншек ұрпақ жеті аталарын атап, отбасындағы дәстүрлер мен құндылықтар жайлы әңгіме қозғады. Сонымен қатар еліміздегі киелі жерлер жайлы мағлұмат алды. Шоқан Уалихановтың әжесі Айғанымның қонысы, найзасымен жау түйреп, сөзімен құс тістеген Қожаберген жыраудың мазары, Қарасай мен Ағынтай батырлардың кесенесі, тағыда басқа атақты тұлғалардың ата қонысы, мәңгілік мекені жайлы біле алды. Тағы бір айта кететін жайт, бүгінгі күні өнерімен, еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген тұлғалар жайлы да сөз қозғалды. Еліміздің спортшылары да азаттықтың ақ туын асқақтауға қосып жүрген үлесі әңгіме арқауына айналды.


11.09.21