6, 10, 11 сыныптар арасында «Тіл туралы толғаныс атты» үздік эсселер сайысының қорытындысы
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз. «Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында, 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай мектебімізде түрлі тәрбиелік маңызы зор сайыстар өткізілуде. Сондай сайыстың бірі 6, 10, 11 сыныптар арасында «Тіл туралы толғаныс атты» үздік эсселер сайысы өтті.
Мақсаты: Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету. Әр оқушы ішкі жан әлемін қағаз бетіне түсіру, оқушылардың ойын жүйелі жеткізуіне, тіліміз туралы өз толғаныстарын жаза білуге баулу.
Барысы:Оқушылар берілген тақырып бойынша өз шеберліктерін қолдана отырып эссе жазып келді. Түркі тілдерінің ішіндегі ең бай, ең таза, ең көрікті тіл саналатын ана тіліміздің көл-көсір байлығын, әуезділігін, көркемдігін, шешендігін талдап-таразылап көрсетумен бірге қазақ тілінің мән-маңызы, қадір-қасиеті мәртебесі туралы да толғанғаны, тіл төңірегіндегі түйіні көп мәселелердің шәкірттерді де толғандыратыны, ұлтына, тіліне деген алғаусыз көңілі, сүйіспеншілігі ақ қағаз бетіне сыр болып құйылып, лүпіл қаққан пәк жүректен жыр болып төгілді.
Бас жүлде Қабыл Ұлдана 10 "В"
1-орын Айғалиева Медина 11 "М"
2-орын Аскатқызы Жаным 6 "Б"
3-орын Бейбіт Дариға 10 "М"
Алғыс хат
Муканова Салтанат 10 "Ә"
Әуелбек Сабина 11 "В"
Молдариф Айгерім 11 "В"
27.09.21