Меню KDT
МЕНЮ

«Радиотехника және радиопеленгация» үйірмесін «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағында практикалық сабағын өткізді



2019-2020 оқу жылынан бастап оқу жүйесіне Қазақстан Радиоспорт және Радиоәуесқойлық Федерациясымен серіктестік жасай отырып, 6-10 – сыныптарға арнап ,  «Радиотехника және радиопеленгация»  үйірмесі жүргізіле бастады. Үйірме замануаи радиотехника құрылғылары бойынша оқушылардың өз бетінше  ізденіп жұмыс жасауына  арналған үйірмелердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Үйірме барысында оқушыларға аталған сала бойынша яғни, радиотехника және телекоммуникация, радиопеленгация элементтеріне шолу жасалды. Үйірменің  негізгі қажеттілігі - радиотехника және телекоммуникация саласында үрдістердің терең практикамен байланыстырыла зерделенуін келтіруге болады.  Соның нәтижесі ретінде биылғы 2021-2022 оқу жылында осы «Радиотехника және радиопеленгация»  үйірмесіндегі оқушылармен практикалық сабағын мектебіміздің директоры Баймұратова Бану Әлімжанова мен Қазақстан Радиоспорт және Радиоәуесқойлық Федерациясы президенті Асаубай Сейітқұл Жексенұлы , үйірме жетекшісі  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық саябағында  практикалық сабағын өткізіп қайтты. Сабақ барысында  лездемелік сағаттар, тренингтер мен  жарыстар өткізілді.  Практика барысында байқағанымыз  радиоспорт  саласы бір орнында тұрмайтындығы ол әрдайым телекоммуникациялық желіде жаңа техникалық шешімдер, ақпаратты таратуда жаңа стандарттар пайда болып жататындығы аңғарылды. Сондықтан да  осы практикалық  сабақтарда, техникалық сұлбалардың құрастырылуы, негізгі қағидалары бойынша сұрақтар мен тапсырмалар квест ойынында оқушылардың сыни ойлау дағдыларын көрсете білді.




11.10.21