Меню KDT
МЕНЮ

1 – желтоқсан «Тұңғыш президент күні»



Құрметті ұстаздар, ата-аналар,оқушылар!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!
Айтулы күннің барша халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Қазақ тарихында Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай  сынды халқын ақылмен, парасатпен басқарған хандар болған. Солардың сара жолымен, сындырлы саясатымен  бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, егеменді елімізді басқарған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше. «Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!
Мемлекеттілік тарихымыздың мерейлі мерекесі - Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, жанұялық бақыт, игілік, табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен: мектеп директоры Бану Әлімжанқызы

 


01.12.21