Меню KDT
МЕНЮ

03.12. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің – 30 жылдық» мерекесіне орай «Алаш идеясы-тәуелсіздік бастауы» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті.



03.12. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы №64 мектеп-лицейінде «64-те қонақта» жобасы аясында «Тәуелсіздіктің – 30 жылдық» мерекесіне орай «Алаш идеясы-тәуелсіздік бастауы» атты тарихи танымдық кездесу кеші өтті. Мектебіміздегі театр үйірмесі оқушыларының қатысуымен «Алаш зиялылары» атты тарихи қойылыммен басталды. Кешіміздің құрметті қонағы ЕҰУ-нің оқытушысы, Алаш танушы ғалым Ильясова Күлпаш Мырзамұратқызы болды. Кешке 8-сынып оқушылары және ұстаздар қатысты. Тарихи танымы мол кешіміздегі ғалыммен болған сыр-сұхбат оқушыларымыздың ұлттық сана сезімін оятуға, елжандылыққа баулуға, тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізді. Күлпаш Мырзамұратқызы Алаш «ақтаңдақтарын» қазіргі өмірмен байланыстырып, тарих қойнауынан сыр шертті. Оқушылар қонағымызға сұрақтар қойды, өз пікірлерімен бөлісіп, кездесуден мол әсер алды. Кеш соңы «Егеменді Қазақстан» атты әсем әнмен жалғасты.

03.12.21