Меню KDT
МЕНЮ

Мектепішілік дебат турнирі



Мектебімізде «Ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек» - деп есептейді» тақыры бойынша қаңтар айының 26 жұлдызында мектепішілік дебат турнирі өткізілді. Туринирге 4 команда қатысты. Командалар 9 «м» және 9 «д» сынып оқушыларынан құралды. Дебат АПФ америкалық форматта өтті. Үкімет және оппозиция топтарына дайындық уақыты берілді. Дебат клубының жетекшісі Дина Омарқызы ойынға толық сараптама жасады. Жеңіске «Азамат» тобының спикерлері жетті.

27.01.22