Меню KDT
МЕНЮ

"Қауіпсіздік сағаты" қалалық жобасы аясында ата-аналар жиналысы өтті.



Мектебімізде «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы шеңберінде ата-аналарға арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың құқықтық және педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатын арнайы спикерлер шақыртылып пікірлесу жасады.
Атап көрсетсек:
- Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы: Хасенова Гульсим Тукеновна жобаның тұжырымдамасы туралы;
- Астана қаласы Алматы ауданы полиция бөлімінің ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция капитаны: Шаримбекова Ақдидар Нәлібекқызы «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ;
- Қалалық психикалық денсаулық орталығының дәрігері, психиатр-наркологы, «Астана медицина университеті» КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті: Қойшыбеков Тоқтар Төлеуханұлы «Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және электрондық темекінің зияны туралы»;
- «Әдістемелік орталығының» психологиялық сүйемелдеу бөлімінің психологы: Сатымбекова Талжібек Сатылғанқызы «Буллинг, әрбір ата-ана нені білуі керек»;
- Психологиялық сүйемелдеу қызметінің психологы: Қаинбекова Тоғжан Эрланқызы «Психологиялық сүйемелдеу қызметінің жұмысы аясындағы ведомствоаралық өзара іс – қимыл»;
- №64 мектеп-лицейі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Төлеген Гүлшат «Мектептегі профилактикалық жұмыс туралы» есеп берді.
Ата-аналар тарапынан жоғарыда көтерілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.














08.12.22