Меню KDT
МЕНЮ

"Думанды елім" өнер байқауы және балалар шығармашылығының мерекелік концерті.



17 желтоқсан күні Астана қаласында өткен Республикалық «Думанды елім» өнер байқауында №64 мектеп-лицейінің оқушылары Жакеева Айжан Жаксылыковнаның жетекшілігімен «Сарыарқа» үлгілі би ансамблі «Меня так тянет хулиганить» биімен БАС ЖҮЛДЕ, «Мультики» биімен жүлделі I орынды, Кудерина Жанар Агзамовнаның жетекшілігімен «Жонып алды» әнімен БАС ЖҮЛДЕНІ Джексенбай Асқар, Сарсенбаева Толкын Жумагазиновнаның жетекшілігімен «Вокал» номинациясы бойынша «Мен қазақ» әнімен Серікбай Саябек, Амангелді Әмірхан  жүлделі I орынды, «Вокал» номинациясы бойынша «Домбырамен егіз ел» әнімен  Нүрпейсова Томирис жүлделі I орынды, «Вокал. Квартет» номинациясы бойынша «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнімен Абаева Айсауле, Сәлім Ақзере, Садвокасова Айя, Зорқұл Каусар БАС ЖҮЛДЕНІ, «Вокал. Дуэт» номинациясы бойынша «Мен бақытты баламын» әнімен Нұрлан Әли, Серіков Аңсар БАС ЖҮЛДЕНІ, «Вокал. Трио» номинациясы бойынша «Арманға сенемін» әнімен  Берікболқызы Адина, Асенбек Інжу, Нарком Перизат БАС ЖҮЛДЕНІ иеленіп, марапатталды! Құттықтаймыз!

Сонымен қатар, «Сарыарқа» үлгілі би ансамблінің бишілері Халықаралық ән фистивальдерінің жүлдегері. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Өмірзаққызы Арапбаевамен бір сахнада өнерлерін көрсетіп, көрерменнің қошеметіне бөленді!!!

















17.12.22