Меню KDT
МЕНЮ

«Сынып резюмесі» жобасында 7 «Ғ» сыныбы.



«Сынып резюмесі» жобасында 7 «Ғ» сыныбы. «Ұлттық құндылық-ұлттың тірегі» бөлімін ұлттық құндылықтар негізінде адамгершілікке тәрбиелеуді мақсат етіп алған. Сыныпта оқушыларға ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан нақыл сөздер қорынан «тәтті сөздер» ой талқылау жасалынды. Сыныптың жетекшісі А.Күзембаевна бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына ерекше мән беру керектігін атап өтті. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Төлеген: «Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосуда сынып жетекшісі рольін ерекшелеп айтып оқушыларға «Жүректен жүрекке»тренинг жасалды.


26.01.23