Меню KDT
МЕНЮ

«Азамат» дебат клубының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларымен отырыс өтті.



8-ақпан  күні №64 мектеп-лицейінде  «Азамат»  дебат клубының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушыларымен  дебат ойынының ережелерін түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізілді.  Жұмыстың мақсаты әрбір  параллель сынып оқушыларын  пікірталас, дебат ойынына баулу.  Отырыс барысында тәжірибелік ойындар көрсетілді. Тәжірибелік ойын көрсеткен 7 «Е»  сынып оқушылары  Тухапатолла Қарақат,  Болат Жадыра және  7 «Г» сынып оқушылары Арон  Айдана және Жұмаш Айзат. Сіздерге сәттілік тілейміз. Мектебіміздегі дебат қозғалысына  өз үлестерін аянбай қосады деп сенім білдіреміз.

 «Азамат»  клубының жетекшісі  Бекназарова ДО


10.02.23