Меню KDT
МЕНЮ

«Құстарға мейірімді болайық» акциясы.



Көктеммен бірге келетін 1 сәуір Құстар күніне орай мектебімізде "Шебер қолдар" жобасы 6 сынып оқушылары бастамасымен құстарға ұя жасалды. Ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты- табиғаттың бір бөлігі құстарға қамқор болу, еңбекке тәрбиелеу болды. Оқушылар мен ұстаздардың тығыз байланысында өткізілген акция нәтижесі бүгінгі күні өз орынын тауып, иелерін күтуде.  Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа ал, ата –бабаларымыз сұлуын аққуға, батырын қыранға, әншісін бұлбұлға теңеп, халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен көрінеді.  Бейбітшіліктің, бостандық пен бақыттың жаршысы бола білген қанатты тіршілік иелеріне қамқор болу баршамыздың міндетіміз деп білеміз. Видео көру.

06.04.23