Меню KDT
МЕНЮ

«Тіл – ең асыл құндылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы.



10 сәуір күні «Тіл – ең асыл құндылық» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы күмбірлеген Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйімен ашылды. 2023 жылы туғанына бір ғасыр толатын, өзге де мерейлі жасымен ерекшелетін шығармашыл тұлғалардың кітаптары туралы біршама мәліметтер берілді. Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс», Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін», Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Жақсылық көрсем өзімнен» атты кітаптарды жарнамалау, оқушыны оқуға тарту мақсатында іс-шаралар өтеді. Аға буын ақындарымыздың Отан, тіл, туған жер, халық жайындағы ой- толғаныстары «Өлең - құндылық» композициясында шәкірттеріміздің орындауында ұсынылып, апталық сәтті ашылды. Видео көру.

10.04.23