Меню KDT
МЕНЮ

Шерхан Мұртазаның “ Бесеудің хаты” драмалық шығармасы.



Қазақ тілі апталығы аясында Сәуірдің 14 күні 10 “А” сыныбында ашық сабақ өтті. Дуэт сабақты жүргізгендер қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері Л.С Мақаш, А.Б. Шотпаева. Шерхан Мұртазаның “ Бесеудің хаты” драмалық шығармасы бойынша “Аштық - қазақ қасіреті” атты Сот сабағында оқушылар тамаша көрініс көрсетті. Қазақ халқының басынан небір нәубет өткенін, сансыз сұрапыл соғыс, қуғын- сүргін, жұт, ашаршылық,т.б тарихи оқиғаларды көз алдымызға алып келді. Рөлдерді тамаша сомдаған шәкірттеріміздің өнері арқылы сол сұрапыл заманға барып қайтқандай күй кештік. Сабақ өте тартымды, қызықты болды. ВИДЕО КӨРУ

15.04.23