Меню KDT
МЕНЮ

“Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі» атты қалалық дөңгелек үстел.



№64 мектеп-лицейде “Қ.Бітібаева әдістемесінің өміршеңдігі» атты қалалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж. Маманова, №64, №72 мектеп-лицейіндегі ғылыми-әдістемелік зертхана мұғалімдері ұйымдастырды. Дәуірдің дара ұстазы, Қазақтың Қанипасы атанған ардақты ұстаз Бітібаева Қанипа Омарғалиқызына арналған дөңгелек үстел мақсаты: қазақ әдебиетін оқытуда ұстаз технологиясын жаңа білім мазмұнымен ұштастыра қолданып жүрген педагогтердің іс-тәжірибесін тарату, ұстаздың әдебиетті оқытудағы ерен еңбектерін насихаттау болды. Іс-шараға қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және ЕҰУ филология ғылымы докторы, профессор Шынар Қапантайқызы Құрманбаева, журналист және PR маманы, ментор Задабек Айна Задабекқызы сынды ұстаздың шәкірттері қатысты. Дөңгелек үстел үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде – шараның ашылуы мектебіміздегі Ұстаз атына берілген зертхана бөлімшесінде басталды. Екінші бөлімде – Қ.Бітібаеваның оқыту технологиясын негізге ала отырып, ұстаздар тәжірибесінен баяндамалар ұсынылды. Семинардың үшінші бөлімде «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері Ж.С.Маманова Бітібаева технологиясына негізделген шебер-сабақ өткізу, Бітібаеваның әдістемесімен жұмыс жасайтын шығармашылық топ құру деген мәселелерге тоқталды. Дөңгелек үстелге жиналған ұстаздар қауымы өзара пікір бөлісіп, болашаққа бағыт бағдар алып, жақсы көңіл күймен тарасты. ВИДЕО КӨРУ

22.04.23