Меню KDT
МЕНЮ

"Үлгілі отбасым!" презентациялық көрсетілім.



"Үлгілі отбасым!" тақырыбында 8-9 сыныптар арасында презентация сайысы өтті. Презентация сайысының басты мақсаты — отбасылық құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, үлгілі отбасыларды жас ұрпаққа насихаттау.  Жанұя, отбасы — мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Ең үздік болған презентацияны жасаған оқушыларымызды атап өтсек, 8 "Ғ" сыныбының оқушылары Тілеуберген Ақерке, Ғалымжанқызы Айша, Дәрменқызы Ажар.Оқушылармызды құттықтаймыз! Керегеміз кең,тереземіз тең, бірлігіміз берік, шаңырақтарымыз биік болсын.Отбасылармыз аман болсын! ВИДЕО КӨРУ

11.09.23