Меню KDT
МЕНЮ

Төтенше жағдай кезінде өзін қорғау бойынша қауіпсіздік семинары.



2023 жылдың 15 қараша күні М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында төтенше жағдайлар кезіндегі дағдыларды қалыптастыру, студенттер арасында мүмкін болатын қауіпті жағдайларды азайту, өзін-өзі құтқару және өзара көмек көрсетудің негізгі әдістері мен амалдарын білу деңгейін арттыру мақсатында, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздіктің алдын алу мәселелерімен айналысатын мектеп және студенттік Парламент өкілдері үшін төтенше жағдайларда өзін қорғау бойынша қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Қауіпсіздік сабағын алғы сөзбен Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Д.Ж.Алдабеков ашты.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі, өрт кезіндегі іс-әрекеттер, азаматтық қорғаныс шаралары бойынша мәселелерді қозғады. Сондай-ақ «Медициналық апаттар орталығы филиалының» дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсету және жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін іс жүзінде көрсетті. Теориялық сабақтар аяқталғаннан кейін балаларды құтқару құралдарымен таныстырып, кинологтардың жұмысы көрсетілді.

16.11.23