Меню KDT
МЕНЮ

Журналистика және саясаттану факультетіне ашық есік күні.



«Таңдау жаса!» жобасы аясында 11сынып оқушылары Л.И. Гумилев атындағы ЕҰУнің Журналистика және саясаттану факультетіне ашық есік күніне қатысты. Л.И. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы  Қ.Ө Сақ оқушыларды жылы лебізін білдіріп, ашық есік салтанатын ашып берді. Сондай – ақ, аталған факультет оқытушылары  «Жұмбақ маман» сырлы сұхатпен күтіп алды. Факультеттің 3 курс студенттерінің ұйымдасуымен жаңадан келіп жатқан оқушыларға арнап интелектуалды ойын өткізіп, өздерінің дайындаған сый - сыйапаттарын тарту етті. Оқушыларымыз толықтай мәліметтерімен қамтылып, тағы да қосымша факультеттер ашылып жатқандығы туралы жаңалықтармен хабардар болды. Сонымен қатар оқушылар журналистика саласына қатысты факультеттеріне кіріп танысты. Мектебіміздің оқушылары оқу орнының арнайы жүргізушілердің орнына отырып, дайындалған жаңалықтарды жүргізіп,  біршама қызығушылықтары артты. ВИДЕО КӨРУ

21.11.23