Меню KDT
МЕНЮ

«Бұлақ көрсең көзін аш» бірыңғай ашық есік күні.



25-қараша мектебіміздің «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» «Бұлақ көрсең көзін аш» тақырыбында бірыңғай ашық есік күнін өткізді.
«Әрбір бала – жарық жұлдыз» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті жайында ой толғаныс пікіралмасу сағаттары өтті. «Бұлақ көрсең, көзін аш» тақырыбында орта буынға қазіргі отбасында балалар шығармашылығын дамытудағы ұлттық ойындардың маңызы және балалармен жүргізілетін шығармашылық әрекеттің тиімділігін туралы ақпараттармен сынып жетекшілер ой бөлісті. 9 және 11 сынып ата-аналарына: «Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады?» тақырыбында оқушыларды кәсіби бағыт-бағдар беруде оқушы темперамент, қабілет, мінездің ерекшеліктерін ашу – өзін көрсетудің кілті-деп мектеп психологтары тренинг өткізді. Жоғары сынып оқушысының болашағын анықтауына кедергі болатын қиындықтар мен бойыңдағы бейімділікті дәл табу үшін бала мен ата-ана тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керектігі баяндалды. ВИДЕО КӨРУ

25.11.23