Меню KDT
МЕНЮ

«Мектеп аруы-2025» байқауы.



«8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында 4 наурыз күні «Мектеп аруы-2025» байқауы өткізілді. Мектебіміздің әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түсе отырып, өздерінің биязылығын, жан- жақтылығын көрсетті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту. Қыздарымыз өздерін көрсетіп, таныстыру, киім үлгісі, өз өнері, ұлттық тағам дайындау сияқты белгіленген кезеңдер бойынша бағаланды. ВИДЕО КӨРУ

06.03.25