Меню KDT
МЕНЮ

«Қауіпсіз балалық шақ: қамқоршы ата-ана» семинар-тренинг.



2 мамыр күні мектебімізде Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес ата-аналарға арналған «Қауіпсіз балалық шақ: қамқоршы ата-ана» тақырыбында психологиялық семинар-тренинг өтті. Семинар барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі заманауи тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасып, пайдалы ақпараттар алды. Қызықты жаттығулар мен тренингтер арқылы ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын үйренді. Осындай игі іс-шаралар ата-аналар мен балалар арасындағы түсіністікті арттырып, отбасы құндылықтарын нығайта түседі. ВИДЕО КӨРУ

05.05.25