Меню KDT
МЕНЮ

«Білімім-Отаныма» сынып сағаты.



1-11 сынып оқушыларына 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай «Білімім-Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқу мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Тәрбие сағатында жас ұрпақтың танымдық көзқарасын дамытуға кіші жоба зерттеу әдістері қолданылды. Сұрақ-жауап бөлімінде ой-өрісін, дүние-танымын кеңейтуге, іскерлік қасиеттерін дамытуға интелектуалды сауалдар қойылып, оқушылар тарапынан жауаптар алынды. Сабақтың негізігі бөлімінде 1-4 сынып оқушылары үшін : «Таза Қазақстан», 5-9 сыныптар үшін: «Заң және тәртіп», 10-11 сыныптар үшін: «Адал азамат» тақырыптарында жазылған эсселер байқауының қорытындысы жасалып, үздік эссе жазған оқушылардың жұмыстары сыныптастарының алдында марапттауға ие болды. Оқушылар тәрбие сағаттарында қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін қалай өз үлесімді қоса аламын тақырыбына идеяларын ұсына алды. Заң мен тәртіпті қатал сақтау оқушы міндет екенін ой толғау барысында жеткізе алды. Тәрбие сағатындағы негізгі мақсат мемлекеттік тілімізді сүйе білу , туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болу қажеттігі сараланды. ВИДЕО КӨРУ

23.05.25