«64-те қонақта» мектепішілік жобасы.
25 қазан -Республика күні ұлттық мереке қарсаңында «64-те қонақта» мектепішілік жобасының қонағы ретінде биыл мектебіміздің 15 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, мектебіміздің мақтан тұтар түлектері сыр-сұхбат алаңына арнайы шақырылды.Шараға қатысқан түлектеріміз – мектеп пен өз мамандықтары арасындағы алтын көпір іспетті. Олар оқушылармен ашық әңгіме жүргізіп, өз өмірлік және кәсіби жолдарымен бөлісті. Қонақ ретінде келушілердің қатарында:
Алпысбай Нұрболат – 2022 жылғы түлек, қазіргі уақытта Астана IT Университетінде білім алуда. Нұрболат өз тәжірибесін бөлісіп, IT саласының қазіргі мүмкіндіктері мен трендтері туралы айтты.
Садуова Газиза – 2022 жылғы түлек, Польшадағы Вроцлав университетінде оқиды. Газиза шетелдік оқу жүйесінің ерекшеліктері мен халықаралық тәжірибенің артықшылықтары жайлы әңгімеледі.
Каратаев Әмір – 2022 жылғы түлек, Астана IT Университетінің студенті. Әмір ақпараттық технологиялар саласында білім алу жолындағы мотивациясын және болашаққа жоспарларын ортаға салды.
Олжабай Дарын – 2015 жылғы түлек, 2019 жылы Шабыт университетін тәмамдаған, қазіргі таңда «Хабар» телеарнасындағы «Оян» бағдарламасының жүргізушісі. Дарын медиасаладағы табыстары мен шығармашылық жолы туралы әсерлі әңгіме айтып, оқушыларға өз армандарына жетудің маңыздылығын түсіндірді.
Бұл кездесудің басты мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу, сондай-ақ түлектердің жетістіктерін таныстыру арқылы үлгі көрсету. Сондай-ақ, шара барысында түлектер мен мектеп арасындағы байланыс нығая түсіп, жастардың мотивациясын арттыруға бағытталған тәжірибе алмасу жүзеге асты.Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылған бұл іс-шара оқушыларға өз елінің дамуына үлес қосатын мамандар болуға деген ұмтылысты арттыра отырып, Қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеудегі мектептің маңызды рөлін көрсетті.Бүгінгі мектеп қабырғасында жүргенде ерекше көзге түсіп, өздері таңдаған салада үздік болуға деген талпыныстары мен еңбекқорлығымен ерекшеленді. Олар оқуда, қоғамдық іс-шараларда, шығармашылық пен спортта белсенді қатысып, мектептің абыройын арттырды. Мұғалімдері мен сыныптастарының сенімін ақтап, әрқашан бастамашыл және көшбасшы ретінде танылды. Мектептің білім беру және тәрбиелеу жүйесінің арқасында олар өз потенциалдарын толық ашып, кәсіби және жеке тұлға ретінде дамудың берік негізін қалағанын бүгінгі жетістіктері айғақтайды. Осы түлектерімізбен мақтанамыз әрі олардың алдағы өмірлерінде толағай табыстар, зор шығармашылық жетістіктер тілейміз. Олар – мектебіміздің жарық жұлдыздары, өз білімдері мен біліктіліктерін еліміздің дамуына арнайтын дарынды жастары. Алдағы уақытта да олардың жолдары ашық, армандары биік болып, әрқайсысы өз саласында табысқа жететініне сеніміміз мол.
Осы түлектерімізбен шын жүректен мақтанамыз! Олардың табыстары – мектебіміздің, ұстаздарымыздың еңбегінің жемісі. Алдағы уақытта да олар өз салаларында биіктерден көрініп, еліміздің өркендеуіне үлес қосады деп сенеміз. Түлектерімізге зор денсаулық, табыс, жаңа белестер мен шығармашылық толағай жетістіктер тілейміз.
ВИДЕО КӨРУ
17.10.25