Меню KDT
МЕНЮ

«Жырлаймын Отанымды» жас ақындар айтысы.



Мектебімізде “Республика күні” қарсаңында «Жырлаймын Отанымды» тақырыбында жас ақындар айтысы өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөз өнеріне, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын дамыту. Айтыс барысында жас ақындар өздерінің суырыпсалмалық қабілеттерін көрсетіп, ел тәуелсіздігі мен бірлігі туралы жыр шумақтарын арнады. Тартысты өткен айтыс барысында қатысушылар көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Олар өлең жолдары арқылы Отанымызға деген ыстық ықыластарын білдіріп, Республика күнімен құттықтады, елімізге бейбітшілік пен өркендеу тіледі. ВИДЕО КӨРУ

24.10.25