Меню KDT
МЕНЮ

“Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру” экологиялық іс-шара.



“Таза Қазақстан” жобасы аясында мектебімізде “Қалдықтарды бөлек жинау бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыру” тақырыбында экологиялық іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықтарды дұрыс сұрыптау тәсілдерін үйрету болды. Шара барысында қатысушыларға тұрмыстық қалдықтардың түрлері мен олардың қоршаған ортаға әсері жайында түсіндірілді. Мұғалімдер мен белсенді оқушылар қоқысты пластик, қағаз, әйнек және органикалық қалдықтар түрлеріне бөлу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, сұрақ-жауап түрінде танымдық бөлім ұйымдастырылып, оқушылар экологиялық сауаттылықтарын арттырды. ВИДЕО КӨРУ

24.10.25