Меню KDT
МЕНЮ

МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ

 Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен ақпараттық мәдениетін дамытуда рухани құндылығы бай тұлғаны қалыптастыру үшін кітапхананың маңызы зор болғандықтан мектеп кітапханасы мына бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

1. Мектеп кітапханаларындағы кітап қорының жай-күйі, қорды есепке алу, сақтау, пайдалану, өңдеу және жаңарту жұмыстарын жүргізу;
2. Оқушыларды мектеп оқулықтарымен толық қамтамасыз ету;
3. Мерзімді басылымдар мен көркем әдебиеттерге тапсырыс беру;
4. Мектептегі оқу-тәрбие процесін ақпараттық қамтамасыз ету;
5. Оқырмандардың дереккөздерге  қолжетімділігін қалыптастыру;

6. Кітап оқуды насихаттау;
7. Кітапхана жұмысының есебін жүргізу;

   Кітапхана көлемі 300 шаршы метрді құрайды. Кітапхананың қызмет көрсету бөлімі және оқу залы, оқулық сақтайтын қоймасы, жалпы кітап сақтайтын бөлмесі бар. Кітапханада демалу аймағы да қарастырылған. Оқырмандар ыңғайлы жұмыс жасауы үшін аймақтарға бөлінген. Жоғарғы буын,орта буын және балалар аймағы. Ұстаздарға арнайы әдістеме бөлімі арналған.

- Кітапхананың жалпы қоры - 101466
- Оқулықтар саны - 81671
- Көркем әдебиеттер - 8405

Білім басқармасы мен мектеп қаражатынан көркем шығармаларға тапсырыс беріліп толықтырып отырылады.
Мектеп кітапханасы ғаламторда еркін жұмыс жасауы үшін заманауи компьютерлік техникалармен жабдықталған.
Оқырмандардың еркін әрі ыңғайлы жұмыс жасуына кітапханада  толық мүмкіндік жасалған.