- Оқу жылы бойына себепсіз сабақтан қалмауға.
- Сабаққа ұқыпты қатынасып, үй тапсырмасы үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көтеруге.
- Мектеп-лицей бағдарламасымен шектеліп қана қоймай, ізденіп ғылыми жұмыстарды орындауға, мүмкіндігіне қарай олимпиада, конференцияларға қатынасуға.
- Қабілетіне, қызығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатынасуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуға.
- Мектеп-гимназиясының мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға бүлдірген жағдайда шығынның орнын толтыруға (ата-анасының көмегімен).
- Мектепте және қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстауға, дөрекіліктен аулақ болуға.
- Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге.
- Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасамауға.
- Мектептегі мұғалімдерімен, арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен таныс болмаса да сәлемдесіп жүруге.
- Мектеп ережесіне сәйкес формасын сақтауға және мектеп ішіне екінші аяқ киім киюге.
- Барлық уақыттарында орыс тілінде сөйлемеуге, мектепте сағыз шайнамауға, «жаргон» сөздерді қолданбауға.
- Темекі шегу, насыбай, алкогольді ішімдіктерден, нашақорлықтан аулақ болуға.
- Мұғалімнің үйге берілген тапсырмасын бұлжытпай орындауға.
- Мектеп-лицей ішіне ұялы телефон ұстамауға, ұстаған жағдайда оқу-тәрбие үрдісінің жүйелі өткізілуіне кедергі жасамауға.
Оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін өзі ұстау ережесі:
- Үзіліс кезіндегі оқушының міндеті:
- Өзінің жұмыс орынын тәртіпке келтіру тазарту;
- Мұғалімнің талаптарына бағыну;
- Мұғалім ескертсе сыныптан шығу;
- Үзіліс кезінде оқушы мектептің ішінде оқушының қауіпсіздігі үшін тиым салынған (мектептің төбесі, подвал, физикалық, химиялық лаборатория) жүруге болмайды, басқа жерлерде еркін жүре алады;
- Үзіліс кезінде оқушыларға әкімшілктің және сынып жетекшілердің рұқсатынсыз мектеп ауласына шығуға болмайды
- Үзіліс кезінде оқушыларға бірін бірі итеруге, күш қолдануға болмайды;
- Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тиым салынады;
- Үзіліс кезінде оқушылар баспалдақпен жүгіруге, ойынға арналмаған жерлерде жүгіруге болмайды;
- Кезекші сынып кезекші мұғалімге үзіліс кезіндегі тәртіпке көмектеседі;
- Сабақ кезіндегі тәртіп:
- Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрады, амандасады;
- Сабақ кезінде өзінің де өзгенің де керекті білім алуына кедергі жасайтындай шу, бөтен әңгіме, сабаққа керек емес нәрселер болмау керек.
Қатаң тиым салынады:
- 1. Мектептің күнделікті ережесін бұзуға /себепсіз сабаққа кешігу, келмей қалу/
- 2. Мектепке сай формасын сақтамауға;
- 3. Спирттік ішімдіктер, темекі, наша және насыбай қолдануға, сағыз шайнауға;
- 4. Түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз коғамдық орындарда, көшеде жүруге;
- 5. Басқа оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасауға;
- 6. Сабақ барысында ұялы телефондарды пайдалануға;
- 7. Оқушылардың бағалы заттарының жоғалуына мектеп әкімшілігі жауап бермейді (ұялы, телефон, құнды заттар, ақша);
- 8. Сабақ кезінде, түнгі уақытта компьютерлік клубтарға баруға;
- 9. Мектепке денсаулыққа зиянды, жанғыш, өткір, кескіш заттарды, газ баллондарын әкелуге.