Меню KDT
МЕНЮ

 


📌Құрметті ата-аналар!

📌2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз!

🔗 Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
📌Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.

📌ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1️⃣ Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
2️⃣Баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы
3️⃣3х4 баланың цифрлы фотосуреті (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен
4️⃣№065/у «профилактикалық егу картасы» нысанындағы медициналық анықтамалар
5️⃣№052-2/у «бала денсаулығының паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар

📌Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар мектепке тапсырылу қажет. Сондай-ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.

📌Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00